Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда ресейлік тікұшақ құлады

Түркияда ресейлік тікұшақ құлады

Түркияда орман өртін сөндіру кезінде тікұшақ апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан Ресей Федерациясының екі азаматы қаза тауып, тағы 5 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Түркия Орман шаруашылығы бас басқармасының Twitter-дегі парақшасында жазылған.

«Сәрсенбі күні Мармарис аймағындағы Мугла провинциясында шыққан орман өртін сөндіру үшін Денизли провинциясының Чардак аймағында құлаған тікұшақ әуежайдан Кастамона қаласына жол тартты», делінген хабарламада.

Жараланғандардың үшеуі Ресей азаматы, ал екеуі Түркия азаматы. TRT Haber телеарнасы RА-31591 нөмірлі ресейлік КА32 тікұшағы жалға алынғанын хабарлады.
22 қыркүйек 2022 ж. 1 968 0