Ресейде қазақстандық вахташылар мінген автобус апатқа ұшырады

Жол апаты жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы сағат 6-да Кунашак ауданы аумағында Екатеринбург қаласына баратын жолдың 85-ші шақырымында болған.
Алдын ала болжам бойынша жүргізуші жауған қардың кесірінен тізгінге ие бола алмай, көлік шұңқырға аударылған.
13 жолаушы Челябинск, Кунашак және Касли аудандарындағы медициналық мекемелерге жеткізілді.
Айта кетері, Қостанайдан Екатеринбургке бара жатқан автобуста барлығы 22 жолаушы болған.
sputnik.kz