Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2018 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖҰЛДЫЗНАМА

2018 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖҰЛДЫЗНАМА

Тоқты
Тоқты желтоқсан айының басында-ақ мерекеге дайындықты бастап кетеді. Таңнан кешке дейін оның санасында әшекейлер, дайындалатын тіскебасарлар, концерттік бағдарлама секілді дүниелер болатыны анық. Ең алдымен түйткілді мәселелерді, қаржылық мәселелерді шешіп алған орынды, сосын барып мереке туралы ойлау қажет. 2018 жылғы желтоқсанға арналған жұлдызнама тоқтыларға өмірдің шытырман тұсын сездіріп алады, мұны, әрине, тоқты басын тік ұстап өтуі тиіс.

Торпақ
2018 жылғы желтоқсанға арналған жұлдызнама торпақтарға әр қиылыста қылаң беретін ерекше табыс сыйлайды. Сіз сондай бақытты әрі риза кейіпте боласыз. Әрине, сәл өзгеріс артық етпейді. Егер торпақта қандай да бір кемшіліктері болып жатса ғана. Сізге айналаңыздағыларды сынаған ұнай ма? Енді өзіңізді солардың орнында сезініп көріңіз.

Егіздер
Егіздерге желтоқсан айында түскен ауыртпалықтардың бәрін көтеруге тырысу керек. Қиындықтар жеке, қаржылық, еңбек - барлық бағытта көрініс табады. 2018 жылғы желтоқсанға арналған жұлдызнамаға сай егіздер бәріне шыдамды болып, қиын сәтте достарынан қолдау табары анық.

Шаян
2018 жылғы желтоқсанға арналған астрологиялық бағдар бойынша шаяндарға тек бақылаушы болу жеткіліксіз, белсенді қызмет пен ерлік істер де қолыңыздан келетіндігін ұмытпаңыз. Өміріңізде анағұрлым өзгеріс болмаса да, оны сәл де болса да түрлендіру артық етпейді. Шаянға жұмыс-үй-жұмыс тізбесімен өмір сүруді тоқтатуға кеңес беріледі. Жеке өмір туралы да ойлаған абзал.

Арыстан
Арыстан желтоқсан айында Карлсон секілді кез келген мүмкіндіктің артынан қуып жүреді. Сіздің энергияңыз өзгелерге тез тарайды, сондықтан да жақсы серіктестерді күтіңіз. 2018  жылғы желтоқсанға арналған жұлдызнама арыстандарға шаршап қалмас үшін, біраз тынығып алуға кеңес береді. Әйтпесе ұзақ күтіп, армандаған махаббат кезікпей қалуы ықтимал.

Бикеш
2018 жылғы желтоқсанға арналған жұлдызнама бикешті тігінен жарыстың болатындығынан хабардар етеді. Сіз жоғарыға қарай ұмтылғыңыз келеді, алайда сіздің көтерілуіңізге бірқатар кедергілер жол бөгейді. Өзгенің түйткілін шешу сіздің міндетіңіз емес, алайда сіз мұны өз міндетіңіздей қабылдайсыз. Бәлкім сәл демалып, көзді жұмып, желтоқсан айында теңізге жол тартып кету керек шығар?

Таразы
Желтоқсанда таразыларда туыстары да тоқтата алмайтын «алыс жаққа кету» ойы басым болады. Өзіңді, әлемді өзгерткің келсе, мұның несі жаман? 2018 жылғы желтоқсанға арналған жұлдызнама таразыларға барлық жоспарланған сыйлықтарды ертерек сатып алуға кеңес береді.

Сарышаян
2018 жылдың желтоқсанына арналған жұлдызнама сарышаяндарға қарызы болса, алып не беруге кеңес береді. Егер банктен несие рәсімдесеңіз, жаңа жыл алдында одан да құтылғаныңыз жөн. Қаржылық жағдайыңңыз бірден анық әрі тұрақты бола түседі, ал сарышаяндардың капиталын еселеу мүмкіндігі өте жоғары.

Мерген
Желтоқсан айында мерген сүйіктісін күтіп, сағыныштан сарғаяды, нәзіктік пен махабатты қалайды. Алайда бұл махаббатыңыз мәңгілік болатыны неғайбыл. Өйткені мергендер жаңа махаббатты басынан өткеру не көңіл көтеру дегенді ешқашан дұрыс деп санамайды. 2018 жылдың желтоқсанына арналған жұлдызнама мергендерге жұмыс пен қаражатты ойлап, жаңа жыл алдындағы өзгерістерді аса құптамауға кеңес береді.

Тауешкі
2018 жылғы желтоқсанға арналған жұлдызнама тауешкіге мақсатқа жету жолында үлкен биіктердің күтіп тұрғанын алға тартады. Сіз маңдай теріңізді төге еңбектеніп жүрсіз. Сізге жетістіктің құпиясы жақсы таныс, бұл әрине табандылық пен еңбек. Тауешкінің жолы болып тұр, қаржылық және жеке бастың жетістіктері жақсы көрініп тұр.

Суқұйғыш
Суқұйғыш желтоқсан айында өзінің ойлаған дүниесіне өзі сеніп қалады. Сізге айналаның бәрі сізді жамандап, қырын қарап жүргендей әсер  сезіледі. Бәлкім, мұндай әсерге көңіл бөлмеген дұрыс болар? 2018  жылғы желтоқсанға арналған астрологиялық бағдар суқұйғыштарға бостан бос энергияны құртуға абай болуға шақырады. Өзгенің пікірін елемеңіз.

Балықтар
2018 жылғы желтоқсанға арналған жұлдызнама балықтарға оңай ай болмайтындығын хабарлайды. Жаңа жобаларды енгізіп, аяқталмаған жұмыстарды аяқтауы қажет. Ұрыс-керістен аулақ болу үшін шыдамды әрі сабырлы болу - басты міндетіңіз. Жеке өміріңіз тура жұмыстағыдай болары анық. Қызығы сол, балықтар өзі ғана шешімін тауып, шыға алатын түрлі жағдаяттарды басынан өткереді.
reactor.inform.kz
29 қараша 2018 ж. 1 310 0