Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 44 жастағы әйел егіз сәбиін сатқан

Қызылорда облысында 44 жастағы әйел егіз сәбиін сатқан

Қызылорда облысында егіз сәбиін сатқан күдікті әйел анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 жылы дүниеге келген сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтады.

ҚР ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
20 маусым 2023 ж. 700 0