Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 17 жылдан кейін жер астынан тірі шыққан адам

17 жылдан кейін жер астынан тірі шыққан адам

Бұл оқиға 2006 жылы болған екен. 1989 жылы Қытайдың батысында қуаты 7,8 баллдық жер сілкінісі салдарынан шахта қирап, 118 жұмысшы жер астында қалған. Содан бері кен орнының қираған бөлігі жабық күйінде болған.
Алайда, кеншілер қараусыз қалған кен ұңғымасынан кеншіні тауып алған соң, мұндағы жұмыс қайта жалғасады. Кен орнынан қазып жатқан жұмысшылар осыдан 17 жыл бұрын қираған шахтадан бір жұмысшыны тауып алады. Ол 17 жыл жер астында өмір сүруін жалғастырған.
Кен қирандысының арасында 17 жылын өткізген 59 жастағы Чунг Вайдың жағдайы табылған сәтте өте нашар болған. Кеншілер оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізген, дәрігерлер оның жағдайын бақылауға алған.
Чунг Вайдың тірі қалуы және оның осынша уақыт бойы өмір сүруі адам сенгісіз жағдай. Шахтада болған жер сілкінісі кезінде шығар ауызға апаратын тунельдің төбесін тіреген ағаш тіреулер қираған. Соның салдарынан осы бөлікте қызмет ететін 118 адамның 117-сі опырылған тунельдің астында қалып ажал құшқан. Тек қана Чунг аман қалған. Оның тірі қалуына бірден бір себеп болған – ауа алмастырғыш тесіктің бітелмей қалғандығы, таза ауаның шахта ішіне еркін жетуі еді.
Сонымен қатар, оның бағына орай кен түбінде азық-түліктің мол қоры да бар болатын. Соған қарамастан, Чунг Вайға тышқандар мен мүкпен тамақтануға тура келген.
Бұл жағдай адамзат тарихында болмаған оқиға. Яғни, осыншалықты қауіпті бастан өткере отырып, 17 жыл бойы тірі болу бұған дейін болмаған.

oinet.kz

09 тамыз 2023 ж. 600 0