Миллионердің баласы мұра үшін әкесін атып өлтірген
Канададағы MillardAir әуе компаниясының басшысы Уэйн Миллард 2012 жылы өз үйінде көз жұмған. Сот бірнеше жыл өткен соң оған өз ұлы қастандық жасады деген шешімге келді деп хабарлайды Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Марқұмның ұлы Деллен Миллард полицейлерге әкесінің күйзеліске түсіп, алкогольмен әуестенгенін айтқан. Сондықтан сот оны өзіне қол жұмсады деп шешеді.
Әкесі көз жұмғанда Деллен 27 жаста болып, оның бар мұрасына иелік етеді.
Жарты жыл өткен соң Делленнің 32 жастағы канадалық Тим Бозманың жоғалып кетуіне қатысы бары анықталады.
Миллионердің мұрагері Бозма сатып жатқан көлікке қызығушылық танытып, оны айдап көрмек болады. Осылайша жанына сатушының өзін де отырғызып алып кеткен. Содан кейін Бозманы ешкім көрмепті.
Кейінірек көлік Делленнің анасының үйіне жақын жерден табылған. Көлік ішінен Бозманың қаны анықталған соң, мұрагерді оның өліміне кінәлі деп шешім шығарады.
Аталмыш оқиғадан кейін полицейлер оның жоғалып кеткен бұрынғы сүйіктісі туралы істі де қайта көтереді.
Лаура Бабкок Делленнің әкесі Уэйна Миллардтың қазасынан үш ай бұрын із-түзсіз кеткен. Белгілі болғандай, бай жігіт басқа қыз тауып алған соң, бұрынғы көңілдесінің көзін жоюды ұйғарған.
Полицейлер жоғалған екі адамның да денесін таба алмады. Деллен оларды өртеп жіберген деген болжам бар. Осыдан кейін сот оны өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.
Кейінірек, Уэйн Миллардтың ісі де қайта көтеріліп, оның жанынан табылған тапаншада Делленнің қол іздері анықталды. Ал оның әкесін не үшін өлтіргені телефон қоңыраулары арқылы тексерілген.
Айыптаушылардың айтуынша, ол әкесінің бар ақшаны жаңа бизнеске құюына жол бергісі келмеген.
247media.kz