ҚОСТАНАЙДА ҚАСҚЫР ТҰРҒЫНДАРҒА ШАБУЫЛДАҒАН

Жергілікті тұрғындардың бірі өзіне шабуылдай берген қасқырды өлтіріп тастаған.
"Аңның денесі мен зардап шеккендер Арқалық қаласының ауруханасына жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалған", - деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Сергей Шмидт. Ер адамның жағдай бір қалыпты, ал 11 жастағы бала біраз уақыт дәрігерлердің қарауында бола тұрады.