«Адам шығыны бар»: Қызылордада автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Әлеуметтік желідегі мәлімет бойынша, оқиға 27 маусымда болған. Қоғамдық автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, оқиға орнында жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапқан.
Бұл жөнінде түсініктеме берген Қызылорда облыстық Полиция департаменті: «Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері басталған. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп мәлім етті.
Сурет: egemen.kz