Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңыр ғарыш айлағына заңсыз кіріп кеткен үш шетелдік азамат ұсталды

Байқоңыр ғарыш айлағына заңсыз кіріп кеткен үш шетелдік азамат ұсталды

Сейсенбі күні үш еуропалық азамат ғарыш айлағына заңсыз кіріп, Байқоңырдың монтаждау және жанармай құю кешеніне дейін жеткен. Оларды патрульдік полиция қызметкерлері байқап қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұсталғандардың екеуі 25 және 29 жастағы Нидерланд азаматы, енді біреуі 26 жастағы Бельгия азаматы. Шетел азаматтарының ғарыш айлағына еш қатысы жоқ және Бойқоңырға кіруге мүмкіндік беретін рұқсат қағаздары да жоқ болып шықты.

Полицейлер еуропалықтардың ғарыш айлағына қалай, қайда және қандай мақсатпен кіргенін анықтап жатыр. Олардың тыңшылыққа қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қазақстан Байқоңырдан нысандарының бір бөлігін қайтарып алмақ
Ресей Байқоңырдан зиян отын тұтынатын зымыран ұшыру мерзімін ұзартқысы келеді
“Шетелдіктер әзірге нысанға рұқсатсыз кіргені үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды”, – деп жазды арна.

Бұған дейін франциялық турист Байқоңыр ғарыш айлағының маңында шөлдеп, көз жұмған еді.

Сурет: ашық дереккөз 
11 шілде 2024 ж. 278 0