Жедел жәрдем бригадасын әзілдеп шақырған қазақстандыққа 80 мың теңге айыппұл салынды

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі жағдайды баяндап берді.
Оқиға 14 қазанда болған. "103" пультіне көп дәрі-дәрмек қабылдағанын айтып, Ақтау қаласының тұрғынынан шақырту келген.
“Жедел жәрдем барған кезде тұрғын "пранк" ұйымдастырғанын жеткізді”, - деді медициналық мекеменің баспасөз қызметі.
Осыған байланысты шақыру ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабына сәйкес жалған болып тіркелді. Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыртқаны үшін Ақтау қаласының тұрғынына 80 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сурет: ашық дерекөзден алынды