Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада баласы мен анасы жанжалдасып, соттан бір-ақ шыққан

Қызылордада баласы мен анасы жанжалдасып, соттан бір-ақ шыққан

Қызылорданың Сырдария аудандық сотында жанжалдасып қалған анасы мен баласының ісі қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73- бабының 1-бөлігімен азамат Д-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Ұлы алкогольдік масаң күйде жәбірленушіні, яғни анасын сыйламай, былапыт сөйлеп, үй тыныштығын бұзып, отбасы тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсеткен.

Сот отырысында құқықбұзушы Д. кінәсін мойындап, әрекетіне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұрап, медиация тәртібінде татуласуларына байланысты істі тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші Д. өзінің баласына кешірім беріп, өзара медиация тәртібінде татуласқанын айтып, әкімшілік істі тоқтатуды сұраған.

Сурет: ашық дереккөзден алынды

Сот қаулысымен құқықбұзушы Д. әкімшілік жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босатылып, ҚР ӘҚБтК-нің 64-бабына сай өндірістен тоқтатылды.
03 қараша 2024 ж. 67 0