"Отбасының рұқсаты керек": Марқұм Шерзат Полаттың отбасына меценаттар баспана алып бермек

Облыс басшысы Шерзат Полаттың отбасына көмек мемлекеттік емес ұйымдар арқылы көрсетілгенін атап өтті.
"Аудан әкімдіктері, өзіміздің құрылымдар олармен байланыста. Қазір де меценаттар үй салып беруге дайын. Егер иелері атынан мақұлданып жатса, құрылысты бастаймыз. Әзірге қыс мезгілінде тиісті құжаттарды дайындап алайық деп ұсындық", – деді Сұлтанғазиев.
Сурет: stan.kz