Қызылордада сиырды жеңіл автокөлікке салып, ұрлап бара жатқандар ұсталды

Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.
Күшейтілген түрде кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Ақтан батыр ауылына жақын жерде өтіп бара жатқан "Volkswagen" маркалы көлікті тоқтатты. Артқы есігін ашып қараса, төрт тұяғын бүгіп сиыр отыр екен. Сөйтсе, екі адам сиырды Қазалы ауданындағы көрші ауылдан ұрлап, сатуға апара жатқан, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлігі айып алаңына қойылды. Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осы тектес деректерге қатыстылығы тексерілуде.

Сурет: Нұрболат Нұржаубай