Ресейде құймақ жеу сайысына қатысқан әйел қайтыс болды

Куәгерлердің айтуынша, әйел жеңіске жету үшін құймақты өте жылдам жеген. Алайда көп мөлшердегі тағам өңешін жауып, тыныс алуын тоқтатқан. Дереу көмек көрсетілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Ұйымдастырушылар жарыстың барлық қауіпсіздік талаптарына сай өткенін мәлімдеген. Дегенмен, бұл қайғылы оқиға тағам жеу жарыстарының қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық тудырып отыр.
Фото: ашық дереккөз