Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді қазақстандық жүргізуші куәліктері Ресейде жарамсыз

Енді қазақстандық жүргізуші куәліктері Ресейде жарамсыз

Ресейде 1 сәуірден бастап күшіне енген «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстандық және басқа да шетелдік жүргізуші куәліктері Ресейде жарамсыз болып есептеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл өзгерістерге сәйкес, Ресейде тұратын немесе Ресей азаматтығын алған шетелдіктер осы елдің жүргізуші куәлігін алуға міндетті.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтары Ресейде өз елінің жүргізуші куәлігімен көлік жүргізген жағдайда заң бұзушылық жасаған болып саналады. Оларға 15 мың рубль (шамамен 90 мың теңге) айыппұл салынады.

Бұған дейін Ресейде шетелдік жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін емтихан тапсыру талап етілмеген еді.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
02 сәуір 2025 ж. 110 0