Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданған

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданған

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазалы аудандық сотында Ұ.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

"Сотта Ұ. келіні А.-ға былапыт сөздер айтып, үй тыныштығын бұзғаны анықталған. Сотта жәбірленуші А. енесі тарапынан ауыр сөздерді көтере алмай, арыз түсіргенін көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған", - деп жазылған хабарламада.

Ұ.-ның әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Қазалы аудандық сотының қаулысымен Ұ. ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылған.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
14 мамыр 2025 ж. 37 0