Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа туған нәрестені Қазақстаннан әкетпек болған Қытай азаматтары Алматы әуежайында ұсталды

Жаңа туған нәрестені Қазақстаннан әкетпек болған Қытай азаматтары Алматы әуежайында ұсталды

Алматы әуежайында қолында суррогат аналардан туған сәбилері бар шетелдіктер Қазақстаннан кетпек болғанда ұсталды. Бұл туралы  Tengrinews.kz порталы хабарлайды.

11 қараша күні Алматы әуежайында қолында суррогат аналардан туған сәбилері бар қытайлық екі отбасылық жұп ұсталды. Шетелдіктердің балаларға қатысты құжаттары болған, бірақ олар Қазақстаннан шыға алмады.
Алматы қаласы полиция департаменті әуежайда Қытай азаматтарының ұсталғанын растады.
“Бұл факті бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлімі (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазір іс бойынша тергеу жүргізілуде”, – деп хабарлады полиция.
01 желтоқсан 2025 ж. 40 0