
Алматы облысында арықта 7 жастағы баланың мәйіті табылды
Алматы облысындағы Сырымбет ауылында арықтан екінші сынып оқушысының денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қайғылы оқиға 28 ақпанда болған. Сол күні бала мектептен қайтып келіп, үйінің ауласында ойнап жүрген. Ата-анасы үйде болмаған, әкесі Алматыда жалдамалы жұмыста істейді, ал шешесі Текелі...














