Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысынан 215 кандидат тіркеуден өтті

Қызылорда облысынан 215 кандидат тіркеуден өтті

Қызылорда облысынан алдағы Мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттығына 590 үміткер ұсыным берген. Соның ішінде 215 кандидат тиісті заң нормаларына сәйкес тіркеуден өтіп, кәуілігін алып үлгерген.

Облыстық сайлау комиссиясында қалған үміткерлердің құжаты жіті тексеріліп жатыр. Бүгінде ұсынылған 590 кандидаттың 559-ының сәйкестендіру құжаты расталған. Десе де, 41 азамат өз өтініші негізінде саяси додаға түсуден бас тартыпты.

Қазіргі таңда, Парламент Мәжілісінің депутаттығына 14, облыстық мәслихатқа 55, қалалық және аудандық мәслихатқа 424 адам өз кандидатурасын ұсынып отыр. Жалпы жергілікті мәслихаттарға барлығы 152 мандат берілген.

Біз құжаттары сәйкес деп шешім қабылдағаннан кейін салық органдарына өздерінің кірістері туралы декларация тапсырып келетін болады. Жалпы тіркеу бізде 18 ақпан күні сағат 18-00 де аяқталады. Тіркеу аяқталғаннан кейін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады», - дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов.

kyzylorda-news.kz
17 ақпан 2023 ж. 1 429 0