Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Инвестициялық штабтың кезекті отырысын өткізді, онда инвестиция тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың ағымдағы мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов министрліктің инвестиция тарту және өзі жетекшілік ететін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Мәселен, өткен жылы министрлік 2026 жылға қарай отын-энергетика кешеніне негізгі капиталға инвестиция көлемін 2 есе (9 414 млрд теңге) арттыру міндетін қойды. Биылғы жеті айда бұл салаға құйылған инвестиция көлемі жоспарланған 2 606 млрд теңгенің орнына 2 615 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы аясында 5 жыл ішінде энергетика саласында 66 жобаны іске асыру көзделген, олардың ішінде 2023 жылы 2 600 млрд теңге сомасына 22 жоба іске асырылатын болады. Бұл ретте 2026 жылға қарай 14 759 млрд теңге сомасына инвестициялар тарту жоспарланып отыр.


27 тамыз 2023 ж. 3 917 0