Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Словения Президенті Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты дамытуға дайын

Словения Президенті Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты дамытуға дайын

Бұл туралы Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүргізген келіссөз барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ынтымақтастықты нығайтуға әрдайым мүмкіндік бар. Біздің елдеріміз арасында ешқандай түйткілді мәселе жоқ. Мен де Сізді елімізге арнайы сапармен келуге шақырамын», деді Наташа Пирц-Мусар.

Тараптар халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, БҰҰ құрылымын жетілдіру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Орталық Азия мен Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.

Президенттер халықаралық құрылымдар аясында өзара тығыз қарым-қатынас жасау жөнінде уағдаласты.
19 қыркүйек 2023 ж. 4 596 0