Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаһансыздану жағдайында Орталық Азия елдерінің бірлігі маңызды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаһансыздану жағдайында Орталық Азия елдерінің бірлігі маңызды

Орталық Азия елдері басшыларының Астанадағы кездесуі өңір мемлекеттерін дамытудың жаңа кезеңіне бастау бола алады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетіне жариялаған мақаласында осындай пайым айтады.

Осының алдында Душанбеде өткен саммит бес мемлекеттің «ортақ мекенін» трансформациялау жолында күш жұмылдыруы Орталық Азияның экономикасы дамыған және көркейген өңірге айналуына қуатты серпін беретінін тағы бір дәлелдеді. Бұл ретте Астана кездесуі өңір мемлекеттерін алдағы бес жылда (2024-2028 жылдар) дамытуға арналған жаңа кезеңнің бастауы болуға тиіс», - дейді Мелекет басшысы.

Президент Орталық Азия өзін ерекше өркениет ареалы ретінде сақтау үшін ондағы елдердің бірлігі мықты болу керек екенін айтады.

«Қазіргі жаһансыздану жағдайында Орталық Азия елдерінің өңірішілік ықпалдастығы оның ерекше өркениет ареалы ретінде өзін-өзі сақтауы үшін де, біртұтас болмыс ретінде өңірді тұрақтандыру үшін де аса өзекті. Елдеріміз бен халықтарымыздың тарихы мен мәдениеті ортақ болғандықтан, бес мемлекет бірін-бірі толықтырып отырады. Бұл бізді біріктіретін басты күш болуға тиіс. Ұлы әл-Фарабидің «Халықтар бақытқа жету үшін бір-біріне көмектесе білсе, бүкіл жер беті ізгілікке толады» деген сөзі бар. Дамудың жаңа кезеңінде біздің алдымызда осы өңірдің және оны мекен еткен халықтардың тағдырын айқындайтын бірқатар маңызды мақсат-міндет тұр», - деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз 
08 тамыз 2024 ж. 383 0