Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Орталық сайлау комиссиясында кадрлық ауыс-түйіс жасады

Президент Орталық сайлау комиссиясында кадрлық ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін қызметінен босатты. Мемлекет басшысының жарлықтарымен Сәбила Мұстафина мен Константин Петров Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды. Сонымен қатар президент жарлығымен Азамат Айманакумов пен Михаил Бортник Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды. Атырау облысы әкімдігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Азамат Айманакумов облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болған. "Параграф" АҚЖ ақпаратынша, Михаил Бортник 2022 жылдан бастап ҚР Жоғары есеп палатасының мүшесі. Әр жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау бойынша Есеп комитетінің мүшесі, сенат депутаты болған.

07 қараша 2024 ж. 151 0