Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Зеленскийдің инаугурациясы өтеді

Бүгін Зеленскийдің инаугурациясы өтеді

Бүгін Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленскийдің инаугурациясы өтеді. 

16 мамырда өткен Жоғары Рада жаңа президентті ұлықтау рәсімін 20 мамырға белгілеген болатын. Инаугурациядан кейін Зеленскийдің Жоғары Раданы таратуға арналған бір апта уақыты бар. 

Инаугурацияға шетелден көптеген қонақтар келмеуі мүмкін. Өйткені, салтанатты іс-шараның уақыты тым кеш белгіленді. Есесіне, Украинаға олигарх Игорь Коломойский оралды. 

Осыған дейін 5 жыл президент болған Петр Порошенко Украина халқына өз алғысын білдірді. Бұл туралы Украина президентінің ресми сайты хабарлады. 
Порошенко «Украина Ресейдің қысымына қарамастан демократиялық ел құра алғанын» айтқан. 

«Алдымен, ұлы украина халқына осы елдің басшысы болып, бес жыл қызмет еткеніме алғыс айтамын. Біздің ел әлемге ұлттық рухты паш етіп, еркіндікті сүйетін халық ретінде өздерің көрсете білді», - деді Порошенко. 

Украина президенті сонымен қатар, сайлауалды компанияның стратегиялық мақсаты өз күшінде қала беретінін айтты.

«2023 жылға дейін Еуропа одағына мүшелікке қабылдануға өтініш жасап, қабылдану керек. Сосын НАТО-ға да кіруіміз қажет. Тек осы жағдай ғана елдің тәуелсіздігінің және қауіпсіздігінің кепілі бола алады. Бұл мақсатқа жету – кез келген азаматтың жауапкершілігі. Оның ішінде менде бармын», - дейді Порошенко.
https://baq.kz
20 мамыр 2019 ж. 836 0