Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сарапшы: Теледебаттың мемлекеттік тілде өтуі – қоғамдық-саяси өмірдегі қазақ тілінің рөлін көрсетеді

Сарапшы: Теледебаттың мемлекеттік тілде өтуі – қоғамдық-саяси өмірдегі қазақ тілінің рөлін көрсетеді

 Алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауында президенттіктен үміткерлер арасындағы теледебат жайлы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Өкілдігінің басшысы Әсел Әбен өз пікірімен бөлісті.

«Елдің бас лауазымына кандидаттардың саяси теледебаты Қазақстандағы сайлау процесінің ашықтығы мен бәсекелестігінің көрсеткіші. Барлық үміткер тең құқықты негізде сайлаушыларға тікелей эфирде жүгінуге, басқа кандидаттарға ашық қарсылық білдіруге, елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының өз көзқарасын қорғауға мүмкіндік алды. Электоратқа келетін болсақ, ол президенттік орынға әрбір үміткер туралы кеңінен түсінік алды,бұл оған түпкілікті таңдау жасауға көмектеседі» - дейді Әсел Әбен.
Оның айтуына қарағанда теледебаттың мемлекеттік тілде өтуі - елдің қоғамдық-саяси өміріндегі қазақ тілі рөлін көрсетеді.
«Менің ойымша, дебаттар өте қарқынды және мазмұнды өтті. Үміткерлер халықтың көп бөлігін толғандыратын түрлі өзекті мәселелерді көтерді. Пікірталастың басым бөлігі мемлекеттік тілде өтті және бұл жағдай елдің қоғамдық-саяси өміріндегі қазақ тілі рөлінің артқанын көрсететінін атап өткен жөн» - дейді ол.
Сонымен қатар, Әсел Әбен бұл дебат саяси мәдениеттің маңызды элементі екенін атап өтті.
«Жалпы, дебат ел азаматтарының дауысы үшін бәсекелі күрестің ашықтығы мен адалдығын көрсететін саяси мәдениеттің маңызды элементі» - дегенді айтады сарапшы.
Естеріңізге сала кетейік, кеше 9 маусым күні кезектен тыс өтетін Қазақстан Республикасы Президентін сайлау бойынша президенттікке үміткерлердің теледебаты 
өткен болатын.
https://baq.kz
30 мамыр 2019 ж. 921 0