Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев ұлттық университеттердің ректорларын тағайындамайтын болды

Тоқаев ұлттық университеттердің ректорларын тағайындамайтын болды

Қазақстанда ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары конкурстық негізде тағайындалатын болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай шешім қабылдады.

«ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде үкіметтің қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. 
Қазіргі ректорларды президенттің жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды», - деп жазды Тоқаев Twitter желісінде. 

https://stan.kz
17 шілде 2019 ж. 970 0