Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон қандай мәселелерді талқылады

Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон қандай мәселелерді талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана-Душанбе бағытында тікелей әуе рейсін ашу мәселесі талқылануда. Бұл туралы бүгін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме жасау барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің кездесуіміздің аясында мемлекетаралық қарым-қатынасқа, өңірлік және жаһандық күн тәртібіне қатысты проблемалардың барлық спекторлары бойынша пікір алмасылды. Сауда-экономикалық ынтымақтастыққа баса назар аударылды. Қазақстан Тәжікстан үшін ірі экспорттық серіктес саналады. Біз үшін де Тәжікстан маңызды сауда серіктес. Өткен жылдың қорытындысы бойынша,  өзара тауар айналымының көлемі шамамен 800 млн долларға жетіп, бір жылда 30 пайыз өсім көрсетті. Әлемдік экономикадағы аумалы-төкпелі жағдайда бұл өте жақсы көрсеткіш», - деп атап өтті Елбасы.

Қазақстан Президенті тәжік әріптесімен әлі де болса екі елдің арасында пайдаланылмаған әлеуеттің мол екендігін, таяу уақытта тауар айналымы көлемін тіпті 2 млрд долларға да жеткізу жайы талқыланғанын атап өтті.  Сонымен қатар қазіргі уақытта Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан елдерімен өте байыпты келіссөздер жүргізгенін айтты.
«Жабық болған темір, автомобиль жолдары ашылып, бізге барынша қолайлы жағдайлар жасалуда. Тәжікстанда жаңғақ, қара өрік, анар пісті. Ал бізде әлі қар жатыр және біз аталған жаңа піскен жемістердің сөрелерімізде болғанын қалаймыз. Келіссөздер барасында, жол картасын жасауға уағдаластық, онда бұл мәселені қалай жүзеге асыру қажеттігін атап өтетін боламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар Елбасы бүгінде Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктер, теміржол локомотивтері тәжік нарығына шыққанын баса айтты.
«Сонымен қатар, өзара инвестиция шарттарын, екі елдің бизнес кәсіпорындарының қызметін одан ары жақсарту шарттарының маңыздылығы атап өтілді. Осы мақсатта елдер арасында іскерлік кеңесін құрып, бизнес форумдар өткізу, байланыстарды жолға қою мүмкіншіліктерін талқылады. Бұған қоса, Қазақстан тәжік экономикасының ірі инвесторларының бірі саналады.  Соңғы -5-7 жылда 120 млн инвестиция құйды. Осы тұрғыда біз Астана-Душанбе тікелей әуе рейсін ашу мәселесін қарастырдық», - деді Қазақстан Президенті.  

15 наурыз 2018 ж. 1 236 0