Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев пен Зеленскийдің кездесуінің видеосы жарияланды (видео)

Тоқаев пен Зеленскийдің кездесуінің видеосы жарияланды (видео)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен кездесті. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде кездесудің видеосын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы жылы сайланған қос мемлекеттің президенттері бір-бірін құттықтады. 
«Мемлекет басшысы екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинамен арадағы саяси және сауда-экономикалық  ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін, бұл бағыттағы мүмкіндіктеріміз зор екенін айтты», - делінеді Ақорда хабарламасында. 
Тоқаев Украина президентін Қазақстанға сапарлап келуге шақырды.


https://stan.kz/tokaev-pen-zelenskiydin-kezdesuinin-videosi-zhariyaland-322316/

 

25 қыркүйек 2019 ж. 1 094 0