Ақ Олимпиадаға қатысқан қазақстандықтарға сыйақы берілді

Олимпиада ойындарының қола медалін жеңіп алған Юлия Галышеваға 75 мың доллар берілді. Сондай-ақ спортшының жеке, бірінші және бас бапкерлері де марапатталды. 2018 жылғы қысқы Олимпиадада ерлер арасындағы эстафетада 6-орын алған шорт-трекшілер - Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұхановтардың әрқайсысына, сондай-ақ шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбековке, спортшылардың жеке бапкерлеріне 5000 мың доллардан сыйақы берілді.