Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Роналдуды футболдан 2 жылға шеттету мүмкін

Роналдуды футболдан 2 жылға шеттету мүмкін

«Ювентус» ойыншысы Криштиану Роналдудың соңғы әрекеті көптеген спорт мамандарының талқылауына түсті деп хабарлайды aikyn.kz.
«Ювентус» клубының бапкері «Миланға» қарсы өткізген соңғы кездесуде Кришитану Роналдуды ойын ортасында басқа ойыншыға ауыстырып жіберді. Мұны күтпеген Роналду клуб бапкеріне ашық түрде ренішін білдіріп, ойын аяқталмай жатып стадионнан кетіп қалған.
Әрине португалиялықтың бұл әрекетін «Ювентус» басшылығы мен бапкерлер құрамы кешірді. Бұл туралы бапкер Маурицио Сарри де мәлімдеді.
Алайда, ережеге сәйкес ойын аяқталмай жатып бірде-бір ойыншы алаңнан рұқсатсыз кетуге болмайды. Себебі антидопинг қызметінің офицері кез-келген ойыншыны шақырып алып, қанынан сынама алуы мүмкін. Бұл спорт сайыстарының барлығына ортақ ереже. Немесе клуб тарапынан тәртіпті бұзған ойыншыға айыппұл салу керек.
Енді антидопинг комитеті Роналдуды осы әрекеті үшін екі жылға футболдан шеттету мүмкін.
14 қараша 2019 ж. 859 0