Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЗИДАН РОНАЛДУДЫҢ ОРНЫН ЕШКІМ БАСА АЛМАЙТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ

ЗИДАН РОНАЛДУДЫҢ ОРНЫН ЕШКІМ БАСА АЛМАЙТЫНЫН МӘЛІМДЕДІ

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан команданың бұрынғы шабуылшысы Криштиану Роналдудың орнын ешкім баса алмайтынын айтты.
«Роналдуды алмастыру мүмкін емес. Ол кетті. Ал біз әрине, жаңа ойыншыларды қатарға қосамыз. Бірақ олардың ешбірі Роналдудың «Реалда» жүріп жеткен жетістігіне жете алмайды. Ол «Реал» сапында ғажайып жеңістерге қол жеткізді. Өзін дәлелдеді. Біз тек оған таңырқаумен болдық» депті Зидан. Оның бұл сөзін AS.com порталы келтіреді.

Еске салсақ, Роналду 2018 жылдың жазынан бері «Ювентус» сапында ойнайды. А сериясында 18 голмен сұрмергендер тізімінде үшінші келе жатыр. Сондай-ақ Чемпиондар лигасында командасын «Атлетико» асуынан алып шықты. «Аяксқа» қарсы ойында да бір гол соғып, сырт алаңда тең есепті тіркеді. Енді алдағы сәрсенбіде өз алаңында голландиялық ұжымды қабылдап, ЧЛ-дың жартылай финалына шығар команданы анықтайды.
Абай Қазбекұлы.
aikyn.kz

14 сәуір 2019 ж. 988 0