Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2022 жылға дейін елімізде 100 спорттық нысан бой көтереді

2022 жылға дейін елімізде 100 спорттық нысан бой көтереді

Қазақстанда спорттық кешендер құрылысы қарқын алды. Бұл туралы ҚР МСМ спорт және денешынықтыру істері комитетінен хабарлады, деп жазды baq.kz

Жоспар бойынша 2022 жылға дейін жаңадан 100 денешынықтыру-сауықтыру кешені бой көтеру керек. Оның 13-і биыл қолданысқа беріледі. Қазір 7 нысанның құрылысы аяқталды. Бұл жөнінде спорт және дене-шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев мәлімдеді. 
Оның айтуынша, спорттық кешендердің құрылысы мен ескілерін жөндеуден өткізу мәселесі әсіресе, өңірлерде өзекті. Сондықтан, саладағы инфрақұрылымды тек бас қалаларда ғана емес, облыс орталықтары мен шалғай аудандарда дамытуға басымдық берілген. 
Спорттық кешендердің жобасын жергілікті билік өкілдері ұсынады. Яғни, әр өңірдегі спорттық нысандардың жетіспеушілігі, белгілі бір бағытты дамыту қажеттігі және басқа да факторлар ескеріліп, нақты жобасын бекітеді. Спорттық нысандар құрылысымен қатар оның қолжетімділігіне де назар аудару керек. Біз бұл мәселеге де жіті көңіл бөлеміз, - деді ҚР МСМ спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев.

15 қараша 2019 ж. 760 0