Арал қаласында волейболдан облыс чемпионатының І айналымы өтуде

Жалпы ерлер арасында 14 команда қатысып жатса, әйелдер арасында 8 команда қатысуда. Ерлер арасындағы жарыс №19 Арал аудандық олимпиядалық резервтың мамандандырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында өтуде, ал әйелдер арасындағы жарыс Т. Г. Шевченко атындағы №13 орта мектептің спорт залында өткізілуде.
Облыс чемпионатының ІІ айналымы сәуір айының 15-19 күндері аралығында Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде өтеді. Жалпы үш күнге созылатын жарыстың нәтижесі 29 ақпан күні белгілі болатындығын хабарлаймыз.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.