Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ер адамға тән ең жақсы қасиет – жауапкершілік"

"Ер адамға тән ең жақсы қасиет – жауапкершілік"

massaget.kz "Ер жігітке жарасар, қолына алған найзасы, би жігітке жарасар, еліне тиген пайдасы" - деп Бұқар жырау текке айтпаса керек. Бүгінде жанына найзасын серік етпесе де, былғары қолғапты қолына киіп, әлемдік аренада қазақ елінің абыройын асырып жүрген күрзі жұдырықты жігіттеріміз аз емес. Солардың бірі – Батыр Жүкембаев.
Батыр кәсіпқой бокстағы жолын Канадада бастады. 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Бастапқы кездесулерінде қиындық болса да жасыған жоқ. Не де болса бәрі жақсылыққа деген сенімде болды. Бұл сенім боксшыны алдаған жоқ. Батыр "ер адамға тән ең жақсы қасиет – жауапкершілік" деп білетін жан. Оны жаттығу жайлы, жекпе-жек жайлы сұрақ қойғанда да аңғардық. Жекпе-жек деген – жауапкершілік. Сан мыңдаған адамның сенімі бар. Сондықтан әр кездесуін байыппен күтіп, әр жаттығуын үзбеуге тырысады. Мұны сұхбаттан кейін де білдік. Massaget.kz порталына берген сұхбатынан кейін шай ішуге шақырдық. Батыр жаттығуына асығып тұрғанын айтып, жылы қоштасты. Жауапкершілік деген осындай болса керек.
Батыр Жүкембаевпен болған видеосұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. Айтпақшы, ол ескі әуендерді жақсы көреді. Тіпті сондай қазақы әндермен жаттығу жасағанды да жаны қалайды. Батырды қазақ әндері рухтандыра түссе керек.


04 наурыз 2020 ж. 1 814 0