Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Роналду инсульт алған анасының жағдайы туралы айтты

Роналду инсульт алған анасының жағдайы туралы айтты

Португалия құрамасы мен туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду анасы Марии Долорештің инсульттан кейінгі жағдайы туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап. 
Әлемнің үздік футболшыларының бірі анасының отадан кейінгі жағдайы туралы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
"Анама қолдау көрсеткендеріңіз үшін барлығыңызға рақметімді айтамын. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, ауруханада тиісті ем қабылдап жатыр. Мен және менің отбасым анамды бақылап отырған медициналық қызметкерлерге алғыс білдіреміз. Біз сіздерден біраз уақытқа дейін жеке өмірімізге қатысты құқығымызды бұзбауларыңызды сұраймыз", - деді Криштиану Роналду."Ювентус" шабуылшысының 65 жастағы анасы Мадейрадағы ауруханаға екінші наурыздан үшінші наурызға қараған түні жатқызылған. Шетелдік басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, Роналдудың анасы 2007 жылы әйел сүт безінің қатерлі ісігін жеңген, алайда 2019 жылы оны қатерлі дерт "қайта мазалаған".
Еске сала кетсек, Туриндік "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысының кезекті рекордына қол жеткізгенін 
жазған болатынбыз.
05 наурыз 2020 ж. 717 0