Криштиану Роналду байлығын кімге қалдырмақ

Португалиялық футболшының мүлігіне басты үміткер – сүйіктісі Джорджина Родригес болмақ.
Құжаттың ерекше тұстары да бар. Роналдудың барлық мүлкіне Джорджина ие болып қалғанымен оны анасы Мария Долорес Авейру басқаратын болады. Қазіргі таңда Роналдудың қаржылық қоры 300 миллион еуроға бағалануда. Португалиялық футболшы сүйіктісімен 2018 жылдың қараша айында некелескен еді.