Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Лионель Месси тағы бір рекордты жаңартты

Лионель Месси тағы бір рекордты жаңартты

"Барселонаның" сапында жасындай жарқырап жүрген аргентиналық шабуылшы Лионель Месси Испанияның Ла Лигасында 12 маусым бойы 20-дан аса гол соққан тұңғыш футболшы ретінде тарихта қалды, - деп хабарлайды egemen.kz. 
Бұл нәтижеге ол коронавируске байланысты ұзаққа созылған үзілістен кейін қайта жалғасып тапқан Испания чемпионатының 28 турында қол жеткізді.
"Мальоркаға" қарсы кездесуде қонақтар алаң иелерінің қақпасына жауапсыз төрт доп соқты. Алғашқы үш голды Артуро Видаль (2 минут), Мартин Брейтуэйт (37 минут) және Жорда Альба (79 минут) салса, бәсекенің аяқталуына санаулы ғана секундттар қалғанда Лионель Месси нысананы дәл көздеп, матчтың соңғы нүктесін қойды.
Сонымен қатар, Аргентинаның жұлдызы екі рет нәтижелі пас бергенін де айта кеткен абзал. Бұл – оның биылғы маусымдағы 20-шы голы.
Ал осыған дейінгі чемпионаттарда Лионель Месси осыншама рет қарсыластар қақпасын дәл көздеген еді:

2008/09 – 23 гол
 
2009/10 – 34 гол
 
2010/11 – 31 гол
 
2011/12 – 50 гол
 
2012/13 – 46 гол
 
2013/14 – 28 гол
 
2014/15 – 43 гол
 
2015/16 – 26 гол
 
2016/17 – 37 гол
 
2017/18 – 34 гол
 
2018/19 – 36 гол  



16 маусым 2020 ж. 476 0