Шахматшылар отбасы
Талантты тану, баланың шамшырағын жағу – кез келгеннің қолынан келе бермес іс. Соның ішінде ата-ана үшін баланың өмірлік мақсатын қалыптастырып, арманына жетуге қолдау көрсету – басты міндет. Балаларын шахмат ойынының қыр-сырымен таныстырып, осы ойынды ойнауға баулыған Мейірхан Бармағамбетов бүгінде шахматшы ұл-қыздардың әкесі ғана емес, жеке жаттықтырушысы да болып отыр.
Қарапайым отбасында өмірге келген Мейірхан аға жұбайы Роза екеуі шаңырақ көтерген соң, сары бала, қара қазан қамы үшін қол жұмыстарын жасап жүрді. Ол кезде Мейірхан ағада тұрақты жұмыс болмады. Күн-түн демей отбасы қамымен жүрсе де, бала тәрбиесінен тыс қалмады. Өзінің ерекше хоббиі шахматты балаларына да үйретті.
– Мен балаларды 4 жасынан бастап шахмат ойнауға үйрете бастадым. Тұңғыш ұлым Сағыныш 2000 жылы өмірге келді. Жетістіктің алғашқы қадамы да осы ұлдан басталды. Төрт жасында шахмат тақтасына отырған баламды ең алғашында күніге екі сағаттан артық ойнатпайтын едім. Біртіндеп жаттығуды күшейтіп, шахмат ойнаудың қыр-сырын меңгертетін кітаптар алып бердім. Себебі менің арнайы білімім болған жоқ, – дейді Мейірхан аға.
Сағыныштан соң өмірге келген Сақыпжамал да көп ұзамай ағасының қарсыласы болуға жарады. Осылай олар бірі-бірімен ойнап, жаттыға бастады. Шахматшылар отбасында өмірге келген Мейіржан да бауырларының ізімен жүріп, әкесінің баулуымен шахмат тақтасына отырды.
– Балалар алғашқыда аудандық, мектепішілік жарыстарға қатысып, топ жарып жүрді. Олардың талантын байқаған мұғалімдері мен аудандағы спорт бөлімі мамандары енді облыстық, республикалық додаларға қосты. Бұл жарыстардан олар жүлдесіз қайтқан емес. Осылайша жол салып бердім. Балалар сол жолмен жетістікке қадам баса бастады. Республикалық жарыстарға шақырту алған соң тіпті шабыттанып, ізденіс пен жаттығуды күшейтті. Сақыпжамал өткен жылы жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында командалық ойында жүлделі 2 орынды еншілеп, күміс медальға қол жеткізді, – деді жаттықтырушы әке.
Қазір Сағыныш – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3 курс студенті. Сақыпжамал Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 1 курсын аяқтады. Екеуі де мектепті «Алтын белгіге» бітіріп, мемлекеттік грантты жеңіп алған болашақ математиктер. Ал Мейіржан биыл мектеп бітіріп, өзінің мамандығын таңдап, оқуға құжат тапсырып қойған. Мемлекеттік конкурстың нәтижесін күтіп отыр. Бұлардың үшеуі де шахмат спорты бойынша «Қазақстанның спорт шебері» атағын алған. Дарынды балаларды өмірге әкеліп қана қоймай, оларды спорттың осы бір түріне баулып, жетістікке жеткізген қарапайым әкені енді көпшілік тани бастады. Оның еңбегі туралы ел арасында айтылып жүрді.
– Балаларымның жетістікке жетуі мені таныта бастады. Олар қай қалаға жарысқа аттанса да, өзім еріп барып, әкесі әрі жаттықтырушысы ретінде қолдау көрсетіп жүрдім. Олардың әрбір жетістігі менің мерейімді өсірді. Одан соң осы еңбегімді ескерген аудандағы спорт бөлімі басшылығы маған жұмыс ұсынды. Қазір нұсқаушы болып қызмет етудемін, – деген Мейірхан аға аудандағы спорт саласының дамуына қосқан үлесі өз балаларын дайындаудан басталғанын ұмыт қалдырмады.
Қазір мектепте оқитын Сабина мен Ақылжан да өз қатарластары арасында республикалық бәсекелерде топ жарып жүр. Өткен жылдың өзінде күміс, қола жүлдені қанжығаға байлады.
– Дарынды дамытатын ол – ізденіс пен жаттығу. Талап пен тәртіп болмаған жерде жетістік те болмайды. Балаларды мұнан әрі де әлемдік бәсекелерде бақ сынауға дайындауға болатын еді. Өкініштісі, оған бізде қаражат жағы қолбайлау. Мықты мамандардың курстары ақылы түрде өтеді. Шахмат математика ғылымымен астасып жатқандықтан, баланың миын тынықтыру үшін жайлы жағдай жасап, пайдалы тағамдар тұтыну керек, – дейді.
Бүгінде Мейірхан ағаның алты баласы да шахмат ойынын өздерінің жанына серік етіп өсіп келеді. Үлкендері жетістікке жеткен болса, кішілері аға-әпкелерінің жолымен өсуде. Бұл – балаларына бағыт көрсеткен қарапайым әкенің мерейі.