Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Футбол: Ұлттар лигасында топ бастап тұрған Қазақстан әлем чемпионатына бара ма?

Футбол: Ұлттар лигасында топ бастап тұрған Қазақстан әлем чемпионатына бара ма?

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионындағы өз тобында көш бастап тұр. Жерлестеріміз бүгін түнде сырт алаңда Беларусь құрамасымен кездеседі. Аталған ойын Нұр-Сұлтан қаласының сағатымен түнгі 00:45-те басталады. Матчты тікелей эфирде Qazsport арнасынан көруге болады.
Ұлттар лигасында бірінші орын алсақ, қандай мүмкіндіктер ашылады? Біріншіден, Ұлттар лигасының келесі маусымында В лигасында көтерілеміз. Ол жақта УЕФА рейтингінде бізден әлдеқайда жоғары тұрған Түркия, Ресей, Австрия секілді құрамалармен ойнаймыз. Екіншіден, топ жеңімпазы 2022 жылғы әлем чемпионатының жолдамасына таласуға мүмкіндік туады. Яғни С дивизионындағы 4 үздік құрама өзара плей-оффта кездесіп, мықтысы Катардағы әлем чемпионатына тікелей жолдамаға ие болады.
Қазіргі кезде жарыстың жартысы аяқталды. Өзі 6 турдан тұратын Ұлттар лигасының үш туры артта қалған. Қазақстан доп айырмасы бойынша өз тобында көш бастап тұр. Әйтпесе, бұл топтағы 4 құраманың да ұпайлары бірдей.
С дивизионының 4-тобындағы жағдай жалпы қызық өрбіп жатыр. Бірінші және екінші турда да қонақ командалар жеңіске жетті. Үшінші турда екі ойында да тең аяқталды. Егер барлығы осылай жалғаса берсе, 18 қарашада доп айырмашылығын санап кететін түріміз бар.
Жалпы, бұл топта алдағы ойындарда Албанияға жеңілдеу. Өйткені қараша айындағы соңғы екі ойынды да олар өз жерінде өткізеді. Яғни Қазақстан мен Беларусь құрамаларын қабылдайды. Ал Қазақстан Албандиядан кейін Алматыда Литвамен жолығады.
Беларуьспен кездесуде көмектесе алмайтын футболшылар:
Бүгін Минскідегі ойында Қазақстан құрамасына Гафуржан Сүйімбаев, Александр Марочкин, Дмитрий Мирошниченко, Ян Вороговский, Нұрәлі Әліп, Бауыржан Исламхан, Юрий Перцух секілді ойыншылар көмектесе алмайды. Сондықтан Билек бапкер аяқ астынан «Тобылдың» қорғаушысы Сұлтан Әбілғазыны ашақырып алды. Ол пермьер-лигадағы соңғы 11 матчта бар-жоғы 121 минут өнер көрсеткен.
Албаниямен алғаш рет тең түстік
Өткен жексенбіде (11 қазан) Қазақстан Алматыда Албаниямен тең түсті. Бұл ойында есеп ашылған жоқ. Ұлттық құраманың бас бапкері Михал Билек әдеттегідей үш орталық қорғаушыны шығарып, қорғанысқа ерекше көңіл бөлді. Соның арқасында бір ұпайға қол жеткіздіі. Бірақ шабуыл шебі әлсіз болғаны қатты байқалды. Статистикада да соңы аңғартады. Қазақстан 90 минутта 7 соққы жұмсап, соның екеуі қақпаға тура жеткен. Албанияның соққыларының саны екі есеп көп (14) және оның бесеуін дәл тепкен екен. Матчтың 60-минутында қар­сы­лас команданың ойыншы­сы Стас По­катиловтің үстіне асыра сал­ған добына абырой болғанда қорғаушы Те­мір­лан Ерланов бірінші жетіп, қақ­памызды 100 пайыз­дық голдан аман сақтап қал­ды.

Бас бапкер Михал Билек те Ал­баниямен өткен матчтың нә­тижесі көңілінен шыққанын жә­не қорғаныста ойыншылардың тапшы болғанын айтты.
Бізде қорғаныста мәселе көп болды: Вороговский, Әліп, Малый ойнай алмады. Матч барысында жарақат алағандар қатарына Марочкин қосылды. Дегенмен, Ерланов, Керімжанов, Бейсебеков өте жақсы ойын өткізді. Албанияның бірнеше футболшысы шетелде өнер көрсетеді. Бүгін бірнеше гол соғатын сәттері де болды. Біз бастысы, гол жібермедік. Соған қуануымыз керек шығар, - дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек.
Қазақстан мен Албания құрамалары бұған дейін екі рет жолыққан. Ең алғаш 2006 жылы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойындар арасында Алматыда 0:1, Тиранада 1:2 есебімен жеңілген. Алғаш рет Албандиядан бір ұпай болса да еншілей алдық.


Ал Қазақстан құраамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Беларусьпен кездесуде жеңіске жетіп, топтағы бірінші орынға ұмтылатындарын айтты.
Бүгін екі команда да жеңіске жету үшін ойнады. Қарсыластың гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болғаны жасырын емес. Біздің топтағы командалардың деңгейі бірдей. Барлығы бірінші орын алғысы келеді. Біздің мақсатымыз – бірінші орын. Бүгінгі нәтиже ойынға сай болды деп ойлаймын. Ұлттық құраманың бірнеше жетекші ойыншылары бұл кездесуге қатысқан жоқ. Олардың орнын басатын футболшылар бар деп ойлаймын. Өйткені, ұлттық құраманың әр ойыншысының біліктілігі жоғары. Барлығы алаңға шығып, қажетті нәтиже үшін бар күш-жігерін беруге дайын. Біз жүз пайыз емес, екі жүз пайыз ойнаймыз деп айта аламын. Алда Беларусьпен тартысты ойын күтіп тұр. Қарсылас та, біз де жеңіске жетуді көздейміз. Жанкүйерлердің қолдауын сезінеміз. – дейді Асхат Тағыберген.
Отандық футбол сарапшысы Болат Есмағамбетов Қазақстанның қорғанысқа жатып алғаны ұнамағанн. Ол жігіттер қарымта шабуылдар ұйымдастырады деп үміттенген екен.

Бұл ойынды сипаттайтын болсақ, Қазақстан 0:0 есебімен ойнауға тырысты. Мысалы, Литвамен қарымта шабуылда ойнадық. Соның арқасында екі гол соғылды. Албаниямен де солай болатын шығар деп ойлағанмын. Алайда Қазақстан құрамасының бас бапкері өкінішке қарай, ешкімді алдыға жібермеді. Қарсыластың ойыншыларын өткізіп алмау үшін қорғаныста жатты. Дегенмен, жігіттер өздеріне берілген тапсырманы толығымен орындап шықты, - дейді Болат Есмағамбетов.
Оның айтуынша, Қазақстан құрамасында қорғанысқа бейім ойыншылар өте көп. Сондықтан шабуыл ұйымдастыратын ешкім жоқ.
Негінен бұл сұрақ бас бапкерге бағытталады. Неліктен алаңға Азат Нұрғалиев, Думан Нәрзілдаев секілді креативті ойыншылар шықпайды? Қандай жағдай болмасын, Албания соншалықты мықты емес. Тіпті, Түркия мен Грекияның деңгейіне де жетпейді. Сондықтан олармен ойнап, жеңуге де болады. Бұл матчта да жарытып ештеңе көрсеткен жоқ. Біздің жігіттердің шеберлігі де албандардан кем емес. Жеке өз басым шабуыл шебінде белсенділік күткеннмін. Мұндай ойын жанкүйерлер мен мамандарға ұнайды. Өкінішке қарай, матчта ешкімді ерекше айта алмаймын. Осы кездесу де шынымен де үш ұпайға алуға болушы еді. Бірақ бас бапкердің тактикасы мұндайға мұрша бермеді. Әзірге қосалқы көрсеткіштер бойынша топта бірінші келе жатырмыз. Енді алдағы турда барлық мәселе шешіледі, - дейді сарапшы.
Ерланов Рамоспен бірге үздіктер қатарында
Албаниямен ойында жоғары бағаға ие болған Қазақстан құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерланов УЕФА-ның апталық символикалық құрамына енген. Қорғаушы Албаниямен ойында бос қақпадан допты алып шыққан ерекше бағаға ие болса керек. Оның рейтингі – 8,1.
 

Символикалық құрамға Ерлановтан өзге футболшылардан – Серхио Рамос (Испания), Мартин Эдегор, Эрлинг Холлан, Александер Серлот, Биргер Мелинг (бәрі де – Норвегия), Анастасиос Бакасетас (Грекия), Рауно Саппинен (Эстония), Венсан Тилль (Люксембург), Одмар Фере (Фарер аралдары) және Кайл Голдуин (Гибралтар) енген.
   УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы сапында ойнағандар:
Стас Покатилов (1992, «Қайрат»)–3 (- 2), Абат Айымбетов (1995, «Қайрат») –3-1, Исламбек Қуат (1993, «Химки», Ресей) –3-1, Гафуржан Сүйімбаев (1990, «Қайрат»)– 3, Александр Марочкин (1990, «Қайсар») – 3, Айбол Әбікен (1996, «Қайрат») – 3, Максим Федин (1996, «Қайсар»)–3, Юрий Перцух (1996, «Астана»)–3, Бактиер Зайнутдинов (1998, ЦСКА, Ресей)–2-1, Сергей Малый (1990, «Тобыл»)–2, Нұрәлі Әліп (1999, «Қайрат»)–2, Бауыржан Исламхан (1993, «Әл-Айн», БАӘ)–2, Ян Вороговский (1996, «Беерсхот», Бельгия)–2, Марат Быстров (1992, «Ахмат», Ресей)–2, Абзал Бейсебеков (1992, «Астана»)–2, Сергей Хижниченко (1991, «Ордабасы») –1, Олжас Керімжанов (1989, «Жетісу»)–1, Темірлан Ерланов (1993, «Тобол») –1, Асхат Тағыберген (1990, «Қайсар»)–1, Айбар Жақсылықов (1997, «Жетісу») –1.

baq.kz

14 қазан 2020 ж. 758 0