Қызылорда: Футбол фристайылынан жекелей жарыс өтті

Үшінші мəрте ұйымдастырылған тартысты жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 14-15, 16-17 жəне 18 жастан жоғары 30 спортшы қатысты.
Жарыс нəтижесінде 18 жастан жоғары спортшылар арасында қызылордалық Мейіржан Əбішбеков осымен екінші рет жарыстың жеңімпазы болды.
Шиелі ауданынан Мағжан Ізбасар екінші, Жаңақорғаннан Төребек Бəкір үшінші орындарды иеленді. 16-17 жас аралығында шиелілік Бақдаулет Молдақараев 1-орынды, жаңақорғандық Диас Қалкөз 2-орынды, жалағаштық Азиз Махмуд 3-орынды еншіледі. 14-15 жас аралығында сырдариялық Шаттық Меңлібаев чемпион атанса, жаңақорғандық Азат Жанабил – күміс, жалағаштық Диас Сағымбай – қола жүлделерге қол жеткізді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медальдар берілді.
kyzylorda-news.kz

