Қазақстандық боксшы Сербиядағы турнирде алтын алды

81 килодан жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Ләззат Күнгейбай алтын жүлдегер атанды. Ол финалда ресейлік қарсыласын айқын басымдықпен жеңген.
Бұған дейін Арайлым Марат пен Дина Жоламан ел қоржынына жүлде салған еді. Жалпы, "Ұлттар кубогы" турнирінің финалына алты қазақстандық боксшы жолдама алды.