Ала тақтада алға озған оқушы

Тағы бір ерекшелегі мынада. Оны әр жастағы адам үйрене алады. Қызығушылығы бар болса, ерте-кешке қарамай шақпақ тақтаның сырын меңгеруге мүмкіндік бар. Бірақ бұл ретте ойдың ұшқырлығы мен зеректік, адамның қабылдау қабілеті басты рөл атқарады. Соған байланысты да бірі ойынды тез үйреніп, қабылдап алса, енді бірі ақырын жүріп анық басады екен.
Шахмат ойынын жетік білу адамның біршама тұлғалық қырын жетілдіреді. Міне, осындай қасиеттерге баулитын спорттың мектеп оқушыларына, жастарға да берер тәрбиелік мәні өте жоғары. Әлем халқы сүйіп ойнайтын шахматтың тілін жетік меңгергендер аз емес. Қазіргі уақытта спорт сүйер қауымның аузында есімі жиі айтылатын жеңімпаздардың қатарында қазақстандық гросмейстерлердің де барын айта кеткен жөн болар. Міне, солардан үлгі алып, шахмат арқылы әлемді мойындатуға талаптанған талантты балалар арамызда да жетіп жатыр.
Сол білімді жеткіншектердің бірі, №62 мектеп-лицейінің оқушысы – Сәбина Кішібай. Сабина жастайынан шақпақ тақтаның қыр-сырын меңгеруді қызығушылығына айналдырып, бүгінде сол қызығушылығы жетістікке жетуге бастамашы болып отыр. Талапты жас облыстық шахмат жарысынан ауданымыздың атын шығарып, жүлделі ІІ орын еншілеп қайтты. Төлеген Амангелдиевтің үйірмесінен білім алып шыққан оқушы қазірде мұнан бөлек көптеген жарыста жеңіске жетіп үлгерді.
«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деген емес пе?! Тәжірибиелі ұстаздан білімді шәкірттің шығуы да заңдылық. Осындай жастардың арқасында аудан абыройы әрқашан биік боларын мақтанышпен айта аламыз.
Зауреш ОРЕКЕШОВА,
№62 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі