Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Футзалдан әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан мен Португалия сайысқа түседі

Футзалдан әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан мен Португалия сайысқа түседі

Бүгін футзалдан әлем чемпионатының 1/2 финалы аясында Қазақстан Португалиямен кездеседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazsport арнасына сілтеме жасап. 

Португалия құрамасы – соңғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы. 2016 жылғы әлем чемпионатында төртінші орынды иеленді. 
Португалия мен Қазақстан құрамалары өзара екі рет кездескен. 2000 жылғы әлем чемпионатында 6:2 есебімен Португалия жеңіске жетсе, 2015 жылы Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирі аясында өткен ойында 3:1 есебімен Қазақстан басым түсті. 
Құрамалардың көшбасшыларына келер болсақ, Португалияның капитаны Рикардиньо – әлемнің алты дүркін үздік ойыншысы. Біздің капитанымыз Лео Игита – бес мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанған.   
"Qazsport" телеарнасындағы Португалия – Қазақстан кездесуінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:50-де басталады.
30 қыркүйек 2021 ж. 1 129 0