Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Рас па?:«Канело» Головкинге белбеулерін қайтарады

Рас па?:«Канело» Головкинге белбеулерін қайтарады

WhatsApp желісінде Сауль «Канело» Альварес тағы да допингпен ұсталғаны, енді Головкиннің чемпиондық белдеулерін қайтарып алатыны туралы ақпарат тарап жатыр.«Қурметти қазақ елі, сүйінші хабар Генади белбеулерін қайтарып алды екен себебі Канэлло допингпен тағы да 2-ши мәрте усталыпты деп xабарлайды Бок федерация башылары.Ресми корсетилим 20-қыркүйек сагат 20:00 KAZSPORT арнасында» делінген хатта.
Анықталғандай 20 қыркүйек күні ешқандай да ресми ақпарат шықпайтыны белгілі болды. Бұл туралы «Қазақстан телекорпорациясының президенті Ерлан Қарин жазды.
«Генаның жеңілісіне өкінгені де бар, тіпті қайғырғаны да бар. Бірақ, елдің көңіліңмен былай ойнап, әзілдеу енді тіпті артық. Кешелі бері көптеген азаматтар мына жалған ақпаратқа сеніп, жекеге жазып сұрап жатыр», дейді Қарин.
Мұндай ақпарат рас болып шықса, тек WhatsApp желісі арқылы ғана емес, өзге де әлемдік ақпарат көздері жарыса жазар еді. Оның үстіне бар-жоғы екі-үш сөйлемдік шағын ақпарттың өзі қатеге толы. Сондықтан, бұл іші пысқан әлдекімнің ойнап жаза салған жазбасы екені анық.
Еліміздің кәсіпқой бокс федерациясы бұл ақпаратты таратпағанын мәлімдеді. «Кәсіби бокс федерациясы мұндай мәлімдеме жасаған емес. Бізде «Канело» допингпен ұсталды деген ақпарат жоқ» дейді федерация өкілі Sputnik Қазақстан сайтына берген сұхбатында.
15 қыркүйек күні Геннадий Головкин алғаш рет кәсіби рингте «Канело»-дан жеңіліс тауып, осыған дейін жинаған барлық белбеулерінен (орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO) айырылған болатын.
zhasalash.kz​​​
18 қыркүйек 2018 ж. 2 095 0