Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейжің-2022: Олимпиадада ең көп медаль алған ел анықталды

Бейжің-2022: Олимпиадада ең көп медаль алған ел анықталды

Норвегия 2022 жылы Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында медальдар саны бойынша мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды.

Норвегия құрамасы Олимпиадада 15 алтын, 8 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды. Екінші орында 10 алтыны (7күміс және 5 қола) бар Германия құрамасы тұр. Үздік үштікті Қытай құрамасы (9-4-2) қорытындылады.

Олимпиада ойындарыны бүгін аяқталады, енді медальдық есепте Норвегияны ешкім басып оза алмайды.

Айта кетейік, бүгін, 20 ақпанда 2022 жылы Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиаданың соңғы күнінде Қазақстан шаңғышылары өнер көрсетеді.

30 шақырымдық масс-старттың финалында Надежда Степашкина, Ангелина Шурыга және Ирина Быкова сынға түседі.

Басталуы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09.00-де. Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақстан қоржынына Бейжің ойындарынан әлі медаль түскен жоқ.

massaget.kz
20 ақпан 2022 ж. 1 054 0