Республикалық турнир өз мәресіне жетті

Ұлдар арасында:
І-орынға Ақтөбе қаласының “Алихан” волейбол клубының командасы,
ІІ-орынға Түркістан қаласының N1 БЖСМ командасы, ал
ІІІ-орынға Шиелі ауданының N9 ОРМБЖМ-нің командалары ие болды. Аталымдар бойынша:
“Көрермендер көзайымы” номинациясы М. Сенбайға (Ақтөбе)
“Үздік либеро” номинациясы Ә. Темірғалиевке (Қызылорда)
“Үздік байланыстырушы” номинациясы Ж. Зейнуллаға (Маңғыстау обл. Басқұдық ауданы)
“Үздік шабуылшы” Б. Қайсарұлына (Ақтөбе обл. Байғанин ауданы) бұйырды.
Қыздар арасында өткен жарыста
І-орынға Хромтау қаласының командасы,
ІІ-орынға Жаңаөзен қаласының N1 БЖСМ командасы,
ІІІ-орынға Ақтөбе обл., Байғанин ауданының командалары ие болды.
Номинациялар бойынша:
“Көрермендер көзайымы” номинациясы С. Давлеткалиева (БҚО)
“Үздік либеро” номинациясына А. Кимбаева (Ақтөбе қаласы)
“Үздік байланыстырушы” номинациясына А. Жансейтова (Ақтөбе қаласы)
“Үздік шабуылшы” номинациясына Н. Бақтыбай (Ырғыз ауданы)
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Арал ауданы әкімінің дипломдары және арнайы дайындалған медальдармен, спорттық кубоқтармен және демеушілердің естелік сыйлықтарымен марапатталды.






