Қарлығаш жеткен жетістік

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында солтүстік-батыс өлкеден ақжолтай хабар жетті. Яғни, Ақтөбе қаласында гір спортынан серпе көтеруден Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз «Арал спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қарлығаш Жұмағұлова әйелдер арасында 63 келі салмақ дәрежесі бойынша ІІІ орынға ие болды. Жаны нәзік болса да, бойына күш біткен қаракөзімізді көктемнің шуақты шағында жеткен жақсы жетістігімен және 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз!
«Толқын» ақпарат