Қамшыбек Қоңқабаев әлемдік рейтингте екі саты жоғарылады

Қоңқабаев Алматыдағы MTK Kazakhstan бокс кешінде өзбекстандық Фаррух Джураевпен (6-6-1, 2 КО) жұдырықтасты. Қамшыбек екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осы жеңісінің арқасында қазақстандық BoxRec рейтингінде бірінші ауыр салмақта 53-ші орыннан 51-ші орынға көтерілді.