Футбол туралы қызық деректер

Футболға ұқсас ойын туралы б.з.б 1900 жылы Ежелгі Мысырда белгілі болған. Ежелгі Грецияда халық арасында доп ойыны б.з.б. 4 ғ. дейін белгілі болған. Бұған Афины мұражайында қазіргі уақытқа дейін сақталып тұрған «доп ойнаған баланың» суреті дәлел бола алады.
***
Футбол ойынының элементтері біздің дәуірімізге дейінгі 476 жылы Қытайда ойлап табылғанымен, қазіргі футбол ойыны ХІХ ғасырда Англияда пайда болды.
***
Кәсіби футболшылар бір ойында орта есеппен 9,65 шақырым жүгіреді.
Футболды тек канадалықтар мен америкалықтар ғана Soccer деп атайды.
***
Баскетбол ойындары алғашында футбол доптарымен ойналған.
«Адема» — «Л’Эмирн» арасындағы ойын 149:0 болып, Гиннесс рекордтар кітабын енген.
***
Пәкістан футбол добын тігуде көшбасшы. Әлемдегі футбол добының 80 пайызы осы елде шығарылады.
***
1913 жылға дейін қақпашылардың киімдері ойыншылардың киімінен ерекшеленбеген.
***
1857 жылы негізі қаланған ағылшындық Шеффилд командасы әлемдегі алғашқы футбол командасы саналады.
***
Кәсіби футбол добының стандартты салмағы 410-450 грамм болуы керек.
***
1937 жылы футбол матчтары алғаш рет теледидардан тікелей көрсетілді. Оған дейін жанкүйерлер ойынды тек радиодан тыңдауға мүмкіндік алды.
***
Криштиану Роналдудың әкесі АҚШ президенті Рональд Рейганның кумир тұтатын. Сондықтан баласына осы есімді қойған.
***
Футбол алаңындағы шөпті сызықтар көгалды әртүрлі бағытта орудан туындайды. Сонымен бірге бұл сызықтар төрешілерге офсайд жағдайын анықтауға көмектеседі.
***
Пенальти 1891 жылдан бері қолданылып келеді. Сол кезде де допты 11 метрден тепкенімен, тура бір нүкте белгіленбеген.
***
«Абердин» клубының ойыншысы Хишам Зеруали 0 санымен өнер көрсетті. Бұл нөмірді таңдауға жанкүйерлер берген «Зеро ноль» деген лақап ат себеп болған. Шотландия футбол қауымдастығы Хишам Зеруалидің қайғылы өлімінен кейін ойыншыларға ерекше нөмірде ойнауға тыйым салды.
***
2015 жылы Роберт Левандовски 9 минутта 5 рет гол соғып, рекорд орнатты.
***
ФИФА 1904 жылы Парижде құрылды. Бірінші командаға Бельгия, Дания, Франция, Нидерланды, Испания, Швеция және Швейцария кірді.
massaget.kz