Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Азия чемпионы Қызылордаға келді
Кеше Сыр жұртшылығы Бахрейннің Манама қаласында ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында топ жарған Асылжан Бектайды қошеметпен күтіп алды.

Жарыста жерлесіміз 89 келі салмақта сынға түсті. Ол қоссайыста 362 келіні бағындырып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Оны аталған сайыста Қалдыбек Тукбаев пен Нұржан Смаханов дайындады.

Құрлықтық додада алтын алды
Оңтүстік Кореяның Санчион қаласында велоспорттың маунтибайк түрінен Азия чемпионаты басталды.

Құрлықтық додаға бірнеше мемлекеттен спортшылар келді. Олардың қатарында қазақстандық велошабандоздар да бар.

Аталған сайыста эстафета бағдарламасы бойынша қызылордалық Алина Сарқұлова мәре сызығын бірінші болып қиып, Азия чемпионы атанды.

syrboyi.kz
20 қазан 2022 ж. 1 257 0